Nokia 603 - Bluetooth арқылы фотосурет немесе басқа мазмұн жіберу

background image

Bluetooth арқылы фотосурет немесе басқа мазмұн жіберу
Bluetooth функциясының көмегімен досыңыздың үйлесімді құрылғысына немесе

компьютерге фотосуреттер, бейнелер, мәлімет карталары, күнтізбе жазбалары

мен басқа мазмұнды жіберуге болады.

Бір уақытта бірнеше Bluetooth байланысын пайдалануға болады. Мысалы,

құрылғы үйлесімді шағын гарнитураға жалғанған болса, сол кезде басқа үйлесімді

құрылғыға файлдар жіберуге болады.

1 Элементті, мысалы, фотосуретті таңдаңыз.
2

>

Жіберу

>

Bluetooth арқылы

тармағын таңдаңыз.

3 Жалғанатын құрылғыны таңдаңыз. Егер құрылғы көрсетілмесе, оны іздеу үшін

Басқа құрылғылар

опциясын таңдаңыз. Ауқымдағы Bluetooth құрылғылары

көрсетіледі.

4 Екінші құрылғы рұқсат кодын сұраса, рұқсат кодын енгізіңіз. Өзіңіз жасауға

болатын рұқсат кодын екі құрылғыда да енгізу керек. Кейбір құрылғыларда

рұқсат коды бекітілген болады. Толық ақпарат алу үшін, екінші құрылғының

пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Рұқсат коды тек ағымдағы байланыс үшін пайдаланылады.