USB режимін өзгерту
Мазмұнды көшіру немесе телефонды компьютермен қадамдастыру кезінде жақсы
нәтиже алу үшін, түрлі құрылғыларды жалғау мақсатында USB деректер кабелін
қолданғанда, сәйкес USB режимін іске қосыңыз.
1 Үйлесімді USB кабелі арқылы телефонды компьютерге жалғаңыз.
2 Телефонның хабарландыру аймағынан төмен қарай жүргізіп өтіңіз.
3
USB
және төмендегілерінің бірін таңдаңыз:
Nokia Suite — Телефонды Nokia Suite орнатылған үйлесімді компьютерге
жалғаңыз. Бұл режимде телефонды Nokia Suite бағдарламасымен
қадамдастырып, басқа да Nokia Suite мүмкіндіктерін пайдалануға болады.
Бұл режим Nokia Suite бағдарламасы ашылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Сыйымды жад — Телефонды Nokia Suite орнатылмаған үйлесімді
компьютерге жалғайды. Телефон USB флэш жады ретінде танылады. Сондай-ақ,
Байланысу мүмкіндігі 117
телефонды USB дискісіне жалғанатын үй немесе көлік стерео жүйесі секілді
құрылғыларға жалғауға болады.
Компьютерге осы режим арқылы қосылғанда, телефонның басқа қолданбаларын
пайдалану мүмкін болмайды.
Телефонның ішіндегі жад картасын және ортақ жадты басқа құрылғы арқылы
ашуға мүмкін емес.
М-медиа тасымал-у — Телефонды Nokia Suite орнатылмаған үйлесімді
компьютерге жалғайды. Сандық құқықтарды басқару жүйесімен (DRM) қорғалған
музыка файлдарын осы режимде тасымалдау керек. Сондай-ақ, кейбір үйде көңіл
көтеру жүйелері және принтерлер осы режимде пайдаланылады.
Тел. модем рет. пайд. — Телефонды үйлесімді компьютерге қосып, оны
сымсыз модем ретінде пайдаланыңыз. Компьютер интернетке автоматты түрде
қосылады.