Фотосуреттер мен бейнелерге орналасқан жер туралы ақпаратты сақтау
Белгілі бір суретті немесе бейнені түсіргенде нақты қай жерде тұрғаныңызды
білгіңіз келе ме? Әлде фотосуреттерге немесе бейнелерге бұл ақпаратты
қосқыңыз келмей ме? Телефонда орналасқан жерді жазу параметрлерін
өзгертіңіз.
Орналасқан жерді жазуды қосу немесе өшіру
1
>
Параметр-р
және
Құпиялық
тармағын таңдаңыз.
2
Камер-ғы орын ақп. сақтау
параметрін
Иә
немесе
Жоқ
мәніне ауыстырыңыз.
Егер орналасқан жеріңізді GPS немесе желілік әдістер арқылы анықтау мүмкін
болса, орналасқан жер туралы ақпарат фотосуретке немесе бейнеге қосылуы
мүмкін. Егер орналасқан жер ақпараты бар фотосуретті немесе бейнені
бөліссеңіз, орналасқан жер туралы ақпаратты фотосуретті немесе бейнені көріп
отырған кісілер де көре алуы мүмкін. Камера параметрлері арқылы геотег қосуды
ажыратуыңызға болады.
Орналасқан жер деректерін алу үшін бірнеше минут кетеді.
GPS сигналдарының бар болуы мен сапасына орналасқан жеріңіз, жерсеріктердің
орны, ғимараттар, табиғи бөгеттер, ауа райы жағдайлары мен АҚШ өкіметі GPS
жерсеріктеріне енгізген өзгерістер әсер етуі мүмкін. GPS сигналдары
ғимараттардың ішінде немесе жер астында қабылданбауы мүмкін.
GPS құрылғысын нақты орналасқан жерді анықтау үшін пайдаланыбаңыз және
тек GPS құрылғысы мен ұялы желілер берген орналасқан жер туралы ақпаратқа
сенім арта бермеңіз.