Nokia 603 - Фотосурет бойынша кеңестер

background image

Фотосурет бойынша кеңестер
Камераны ашу үшін, камера пернесін басып тұрыңыз.

Камераны бір қалыпты ұстап тұру үшін оны екі қолмен ұстаңыз.

Камераны шамамен бір минуттай пайдаланбасаңыз, ол ұйқы режиміне өтеді.

Камераны ояту үшін камера пернесін жылдам басыңыз.

Қалағандай жақсы фотоларды алу үшін таңдау жасаңыз — камера үш түрлі түсіру

режимін ұсынады:

Ең жақсы параметрлерді камера таңдасын десеңіз, Автоматты режимін

пайдаланыңыз. Бар қажеті — бағыттап, түсіру.

Көріністер режимі түрлі жағдайларға арналған кейбір дайын көріністерді

ұсынады.

Мысал: Альбомдық режим: алыстағы көріністі фокусқа алуға арналған. Қар

режимі: өте ақ орталарға арналған. Прожектор режимі: орындаушы қараңғы

Камера мен фотосуреттер

81

background image

фонда, прожектор жарықтарының астында тұратын концерттерде

қолданылады.

Шығармашылық режимі камера параметрлерін анықтауға және кейінірек оңай

пайдалану үшін түрлі параметрлер профильдерін сақтауға мүмкіндік береді.

Түсіру режимін өзгерту үшін белгішесін басыңыз. Қажет болса, параметрлерді

қалдыру үшін экранның оң жағын түртіңіз.