Фотосуреттердің сақтық көшірмесін жасау
Ешбір маңызды фотосуреттердің жоғалмайтынына сенімді болғыңыз келе ме?
Фотосуреттерді сақтық көшірмесін жасау үшін Nokia Suite бағдарламасын
қолдануға болады.
1 Үйлесімді USB кабелі арқылы телефонды үйлесімді компьютерге жалғаңыз.
Телефондағы жад картасы мен компьютердің арасында көшіргенде, жад
картасының телефонға салынғанын тексеріңіз.
2 Компьютерден Nokia Suite бағдарламасын ашып, Nokia Suite
бағдарламасындағы көрсетілген Галерея мазмұнын қадамдастыруға қатысты
нұсқауларды орындаңыз.