Nokia 603 - Орналасқан жерді анықтау әдістері туралы ақпарат

background image

Орналасқан жерді анықтау әдістері туралы ақпарат
Карталар қызметі GPS, A-GPS, Wi-Fi немесе желі (cell ID) негізіндегі орналасқан

жерді анықтау әдістерін пайдаланып орныңызды көрсетеді.

A-GPS және GPS жақсартулары үшін ұялы желі арқылы аз көлемде деректер

тасымалдануы қажет болуы мүмкін.

GPS

Әлемдік орналасқан жерді анықтау жүйесі (GPS) – орныңызды

анықтауға арналған жерсерікті пайдаланатын навигация

жүйесі.

A-GPS

Assisted GPS (A-GPS) желісінің қызметі ұялы желі арқылы

орналасқан жер мәліметтерін алып, GPS функциясына

ағымдағы орналасқан жеріңізді есептеп шығаруға

көмектеседі.

Қызмет провайдерінің өз A-GPS параметрлері болған

жағдайлардан тыс, телефоныңыз Nokia A-GPS қызметін

пайдаланатын етіп реттелген. Телефоныңызға көмекші

деректер алу үшін, Интернетке қосылу мүмкіндігі болуы керек.

Телефон деректерді тек қажет болғанда ғана шығарып алады.

Wi-Fi

Wi-Fi орналасқан жерді анықтау мүмкіндігі GPS сигналдары

болмаған кезде орналасқан жерді анықтау дәлдігін (әсіресе үй

ішінде немесе биік ғимараттар арасында болған кезде)

жақсартады.

Cell ID

Желі (cell ID) негізіндегі орналасқан жерді анықтау

мүмкіндігімен Карталар қызметі сізді телефон жалғанып

тұрған ұялы жүйе арқылы анықтайды.

GPS сигналдарының бар болуы мен сапасына орналасқан жеріңіз, жерсеріктердің

орны, ғимараттар, табиғи бөгеттер, ауа райы жағдайлары мен АҚШ өкіметі GPS

жерсеріктеріне енгізген өзгерістер әсер етуі мүмкін. GPS сигналдары

ғимараттардың ішінде немесе жер астында қабылданбауы мүмкін.

Карталар

73

background image

GPS құрылғысын нақты орналасқан жерді анықтау үшін пайдаланыбаңыз және

тек GPS құрылғысы мен ұялы желілер берген орналасқан жер туралы ақпаратқа

сенім арта бермеңіз.

Пайдалануға болатын орналасқан жерді анықтау әдістеріне қарай, орналасқан

жерді анықтау дәлдігі бірнеше метрден бірнеше километрге дейін өзгеруі мүмкін.