Nokia 603 - Сенсорлы экранның әрекеттері

background image

Сенсорлы экранның әрекеттері
Телефоныңызды пайдалану үшін, сенсорлы экранды түртіңіз немесе түртіп

тұрыңыз.

Маңызды: Сенсорлы экран бетінің сызылуына жол бермеңіз. Сенсорлы

экранға ешқашан қалам, қарындаш немесе басқа да үшкір заттар қолданбаңыз.

Қолданбаны немесе элементті ашу
Қолданбаны немесе элементті түртіңіз.

Қосымша опцияларды көру үшін түртіп, ұстап тұрыңыз
Саусақты элементтің үстіне қойып, мәзір ашылғанша ұстаңыз.

Негізгі қолданыс

19

background image

Мысал: Контакт картасын жіберу немесе дабылды жою үшін, контактіні немесе

дабылды түртіп, ұстап тұрыңыз да, керекті опцияны таңдаңыз.

Элементті сүйреу
Элементті түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты экранда сырғытыңыз.

Мысал: Элементтерді бастапқы экранда немесе негізгі мәзірді реттеу кезінде

сүйреуге болады.

Жүргізу
Саусақты экранға қойыңыз да, керекті бағытта сырғытыңыз.

20

Негізгі қолданыс

background image

Мысал: Басқа негізгі экранға ауысу үшін сол немесе оң жаққа қарай жылжыңыз.

Ұзақ тізімде немесе мәзірде тез жылжу үшін, саусақты экранда жоғары немесе

төмен тез сырғытыңыз да, саусақты көтеріңіз. Жылжуды тоқтату үшін, экранды

түртіңіз.

Жақындату немесе кішірейту
Екі саусақты карта, фотосурет немесе веб-бет сияқты элементке қойып,

саусақтардың арасын ашып немесе қосып сырғытыңыз.

Кеңес: Сондай-ақ, элементті екі рет түртуге болады.

Негізгі қолданыс

21