DLNA ойнату туралы ақпарат
>
DLNA ойн.
белгішесін басыңыз.
Телефондағы фотосуреттерді немесе бейнелерді теледидар сияқты басқа
құрылғыдан көргіңіз келеді ме? Не болмаса, телефондағы музыканы үйдегі
стерео жүйесі арқылы тыңдағыңыз келеді ме? DLNA ойн. арқылы медиа
мазмұнды DLNA құрылғыларына сымсыз ағынмен жіберуге болады.
Төмендегілер қажет болады:
•
Wi-Fi желісі. Ең жақсы нәтижелер алу үшін, сымсыз маршрутизаторды DLNA
құрылғысына кабельмен жалғау керек.
•
Телефонда Wi-Fi іске қосулы және телефон DLNA құрылғысы жалғанған Wi-Fi
желісіне қосулы болуы керек.
DLNA құрылғыларының бірнеше түрлері бар. Егер телефондағы құрылғыға
жалғап, желімен жіберуді басқару мүмкін болса, құрылғы визуализация құралы
болады. Телефондағы мультимедиа файлдарын құрылғыдан көру мүмкін болса,
Ойын-сауық
99
құрылғы ойнатқыш болады. DLNA құрылғысының түрін құрылғының
пайдаланушы нұсқаулығынан білуге болады.
Wi-Fi байланысын орнату туралы қосымша ақпаратты www.nokia.com/support
торабынан қараңыз.