Ескі телефоннан контактілерді немесе фотосуреттерді көшіру
Алдыңғы Nokia телефонынан маңызды ақпаратты көшіріп, жаңа телефонды тез
пайдалана бастағыңыз келе ме? Мысалы, контактілерді, күнтізбе жазбаларын
және фотосуреттерді жаңа телефонға тегін көшіру үшін Телефонды ауыстыру
қолданбасын пайдаланыңыз.
Ескі телефоныңыз Bluetooth мүмкіндігін қолдауы керек.
1
>
Параметр-р
>
Байланыс мүмкіндігі
>
Дерек беру
>
Телефонды
ауыстыру
белгішесін басыңыз.
2 Тізімнен ескі телефонды таңдаңыз да, телефондарды жұптастырыңыз.
Bluetooth екі телефонда да қосулы болуы керек.
3 Егер екінші телефон рұқсат кодын қажет етсе, екі телефонда да рұқсат кодын
теріңіз.
Рұқсат коды тек ағымдағы байланысқа арналады және оны өзіңіз анықтай
аласыз. Кейбір телефондарда рұқсат коды бекітілген болады. Толық ақпарат
алу үшін, екінші телефонның пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
14
Пайдалануды бастау
4 Көшіру керек нәрсені таңдаңыз да,
ОК
пәрменін таңдаңыз.
Ескі Nokia телефонында Телефонды ауыстыру қолданбасы жоқ болса, жаңа
телефон оған Bluetooth функциясын пайдаланып хабар жібереді. Қолданбаны
орнату үшін хабарды ескі телефонда ашыңыз да, телефонда көрсетілген
нұсқауларды орындаңыз.
Кеңес: Сондай-ақ, басқа телефондардағы мазмұнды кейінірек көшіру үшін
Телефонды ауыстыру қолданбасын пайдалануға болады.