Nokia 603 - NFC туралы ақпарат

background image

NFC туралы ақпарат
NFC (Near Field Communication) қызметі байланысу мен бөлісуді оңай және

қызықты етеді. NFC стандартын қолдайтын Nokia телефондары мен қосалқы

құралдары бір-біріне тигізілгенде, сымсыз байланыс орнатылады.

NFC арқылы төмендегі әрекеттерді орындауға болады:

Жасаған мазмұнды NFC стандартын қолдайтын екі үйлесімді телефон

арасында бөлісіңіз.

NFC қызметін қолдайтын шағын гарнитура немесе сымсыз динамик сияқты

үйлесімді Bluetooth қосалқы құралдарына жалғаңыз.

Желілік қызмет ұсынушыңыз қолдайтын болса, телефонмен төлеңіз.

Телефоныңыз үшін қосымша мазмұн алу немесе желідегі қызметтерді

пайдалану үшін, тегтерді түртіңіз.

NFC стандартын қолдайтын басқа үйлесімді телефондардың иелерімен ойын

ойнаңыз.

NFC аймағы телефонның артында, камераның айналасында орналасқан. NFC

аймағын басқа телефондарға, көмекші құралдарға немесе оқу құралдарына

тигізіңіз.

16

Пайдалануды бастау

background image

Телефон экраны қосулы болғанда, NFC қолдануға болады. Қызмет ұсынушыңызға

байланысты телефоныңыз құлыптаулы болғанда да, төлей немесе билет ретінде

телефонды пайдалана алуыңыз мүмкін.

Қосымша ақпаратты телефонның NFC оқу құралының бейнелерінен көруге

болады.

Кеңес: Nokia Дүкен қызметінен NFC мүмкіндігін қолдайтын қосымша мазмұн

жүктеп алуға болады.