Контактіге қоңырау шалу үшін дауысты пайдалану
Дауысыңызды пайдаланып қоңырау шалуыңызға немесе телефонды
басқаруыңызға болады.
Дауыс пәрмендері сөйлеушінің даусына тәуелді емес. Телефон пәрмендерді
автоматты түрде жасайды.
Контактілерді қосу немесе дауыс пәрмендерін өзгерту кезінде, әртүрлі
контактілер немесе пәрмендер үшін қысқа немесе ұқсас аттарды пайдаланбаңыз.
Ескерім: Дауыс белгісін шулы ортада немесе шұғыл жағдайда қолдану қиын
болуы мүмкін. Сондықтан, нөмірді дауыспен теру мүмкіндігі барлық жағдайларда
қолайлы болмауы мүмкін.
Дауыспен теру қызметін іске пайдаланғанда, динамик қолданылады. Дауыстық
пәрменді айтқанда телефонды қысқа қашықтықта ұстаңыз.
1 Бастапқы экранда қоңырау шалу пернесін басып тұрыңыз. Егер шағын
гарнитура пернесімен үйлесімді шағын гарнитура тіркелген болса, шағын
гарнитура пернесін басып тұрыңыз.
2 Қысқа үн естіледі және
Енді сөйлеңіз
көрсетіледі. Контакті үшін сақталған
атты анық айтыңыз.
3 Телефон таңдалған телефон тілінде танылған контакт үшін синтезделген
дауыстық пәрменді ойнатады және ат пен нөмірді көрсетеді. Дауыспен теруді
болдырмау үшін
Аяқтау
таңдаңыз.
Контактіге арналған дауыс пәрменін тыңдау
1 Контактіні және
>
Дауыс тегінің мәліметтері
тармағын таңдаңыз.
2 Контактін мәліметтерін таңдаңыз.
Егер аты үшін бірнеше нөмір сақталған болса, ұялы телефоны немесе телефоны
сияқты аты мен нөмір түрін айтуға болады.