Хабар жіберу
Мәтіндік және мультимедиалық хабарлар арқылы жанұяңызбен және
достарыңызбен байланыста болыңыз.
56
Хабарлар
1
>
Хабарлар
тармағын таңдап, белгішесін басыңыз.
2 Контактіні алушы ретінде қосу үшін
Алушы
пәрменін таңдаңыз. Сондай-ақ,
телефон нөмірін теруге болады.
3 Мәтін ұясында хабарды жазыңыз да, белгішесін басыңыз.
Кеңес: Фотосурет немесе бейне сияқты қосымшаны қосу үшін белгішесін
басыңыз.
4
белгішесін басыңыз.
Кеңес: Контактілер тізіміндегі контактіге хабар жіберу үшін контактіні басып
тұрыңыз да,
Хабар жіберу
пәрменін таңдаңыз.
Қосымшасы бар хабарды жіберу қалыпты мәтінді хабарын жіберуге қарағанда
қымбатырақ болуы мүмкін. Көбірек мәлімет алу үшін қызмет көрсетушіңізбен
байланысыңыз.
Таңбалар саны бір хабарға қойылатын шектеуден асатын мәтін хабарларын
жіберуіңізге болады. Ұзынырақ хабарламалар екі немесе одан да көп
хабарламалар түрінде жіберіледі. Сіздің қызмет көрсетушіңіз тиісті ақы алуы
мүмкін.
Екпінді таңбалар, басқа белгілер немесе кейбір тіл опциялары көбірек орын алып,
бір хабарда жіберуге болатын таңбалардың санын шектейді.
Егер мәтіндік хабар тым ұзын болса, оны мультимедиалық хабарға түрлендіруге
боолады. Хабарды мәтіндік хабар ретінде жібергіңіз келсе,
>
Жіберу
опциялары
>
Хабар түрі
>
Мәтін
тармағын таңдаңыз.
Бір немесе бірнеше алушыға мәтінді хабар жіберіп, бір алушының байланыс
ақпараты телефон нөмірі емес, пошта мекенжайы болса, мәтінді хабар
мультимедиалық хабарға түрлендіріледі.
Егер мультимедиалық хабарға енгізілген мазмұн желі үшін тым үлкен болса,
құрылғы өлшемді автоматты түрде кішірейтуі мүмкін.
Мультимедиалық хабарларды тек үйлесімді құрылғылар алып, көрсете алады.
Хабарлар әртүрлі құрылғыларға әртүрлі көрінуі мүмкін.