Батарея мен зарядтағыш туралы ақпарат
Бұл құрылғы BP-3L зарядталатын батареямен пайдалануға арналған. Nokia бұл құрылғы үшін қосымша батарея
түрлерін шығаруы мүмкін. Әрқашан Nokia корпорациясы шығарған батареяларды пайдаланыңыз.
Бұл құрылғы келесі зарядтағыштан қуат алу кезінде пайдалануға арналған: AC-10 немесе AC-20 . Nokia зарядтағышы
үлгісінің нақты нөмірі қосқыш түріне қарай әртүрлі болады, олар E, X, AR, U, A, C, K, B немесе N әріптері бойынша
анықталады.
Батареяны жүздеген мәрте зарядтап, зарядсыздандыруға болады, бірақ ол ақыры тозады. Сөйлесу және күту
режимдері көрсетілген қалыпты уақыттан қысқарғанда, батареяны ауыстырыңыз.
130 Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат