Жарылыс ықтималы бар орталар
Жарылыс ықтималы бар (мысалы, қызмет көрсету станцияларындағы бензин сорғыларының жанында) кез келген
жерде құрылғыны өшіріңіз. Мұндай аймақта ұшқынның пайда болуы дене жарақатына немесе өлімге әкеп соғатын
жарылысқа немесе өртке себепші болуы мүмкін. Жанармай құю станцияларында, сақтау және тарату аймақтарында,
химиялық зауыттарда немесе жарылыс жұмыстары орындалып жатқан жерлерде шектеулерді қадағалаңыз. Жарылу
қаупі бар атмосфералы аймақтар жиі таңбаланады. Бірақ бұл таңбалар әрқашанда анық бола бермейді. Олар
көлігіңіздің қозғалтқышын өшіріп қоюға кеңес беретін аймақтарды, кемелердегі палубалардың астын, химиялық
заттарды таситын немесе сақтайтын орындарды және ауаның құрамында химиялық заттар немесе астық, шаң немесе
металл ұнтақтары сияқты заттар болатын жерлерді қамтиды. Олардың аймағында осы құрылғыны пайдалану қауіпсіз
бе, жоқ па анықтау үшін (пропан немесе бутан сияқты) мұнай газдарды пайдаланатын көлік өндірушілерімен
ақылдасуыңыз қажет.