Көлік құралдары
Радио сигналдары көліктердегі дұрыс орнатылмаған немесе жеткілікті қорғалмаған электрондық жүйелерге, мысалы,
электрондық жанармай бүрку жүйесіне, тежеуге қарсы электрондық құлып жүйесіне, электрондық жылдамдықты
бақылау жүйесіне және қауіпсіздік жастықшасының жүйесіне әсер етуі мүмкін. Толық ақпарат алу үшін көлігіңіздің
немесе оның жабдығының өндірушісімен тексеріңіз.
Құрылғыны көлікке тек білікті қызметкерлер орнатуы тиіс. Дұрыс орнатпау немесе қызмет көрсетпеу қауіпті және
кепілдігіңізді жарамсыз етуі мүмкін. Көліктегі барлық сымсыз құрылғылардың дұрыс орнатылғанын және жұмыс істеп
тұрғанын тұрақты тексеріп отырыңыз. Тез тұтанғыш сұйықтықтарды, газдарды немесе жарылғыш заттарды
құрылғымен, оның бөліктерімен немесе қосалқы құралдарымен бір бөлімде сақтамаңыз. Қауіпсіздік
жастықшаларының қатты күшпен ашылатынын ұмытпаңыз. Құрылғыңызды немесе аксессуарларын қауіпсіздік
жастықшасы ашылатын жерге қоймаңыз.