Құрылғыны зиянды мазмұннан қорғау
Құрылғыңыз вирус және басқа зиянды мазмұнның шабуылына ұшырауы мүмкін. Төмендегі сақтық шараларын
орындаңыз:
•
Хабарларды ашқанда сақ болыңыз. Олардың құрамында зиянды бағдарламалар немесе құрылғыңызды немесе
компьютеріңізді зақымдайтын басқа да зиянды нәрселер болуы мүмкін.
•
Байланыс сұрауларын алғанда, интернетті шолғанда немесе мазмұнды жүктеп алғанда сақ болыңыз. Сенімсіз
көздерден Bluetooth байланыстарын қабылдамаңыз.
•
Тек сенімді және жеткілікті қауіпсіздік пен қорғау мүмкіндігін ұсынатын көздерден алынған қызметтер мен
бағдарламаларды орнатып, пайдаланыңыз.
132 Өнім және қауіпсіздік туралы ақпарат
•
Құрылғыңызға және кез келген қосылған компьютерге вирусқа қарсы және қауіпсіздікті қамтамасыз ету
бағдарламаларын орнатыңыз. Бір уақытта тек бір антивирустық қолданбаны пайдаланыңыз. Бірнешеуін қолдану
құрылғының және/немесе компьютердің өнімділігі мен жұмысына әсер етуі мүмкін.
•
Егер үшінші тараптардың алдын ала орнатылған бетбелгілері мен сілтемелерін пайдалансаңыз, тиісті сақтық
шараларын қолданыңыз. Nokia мұндай тораптарды мақұлдамайды және олар үшін жауап бермейді.